×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 521

Негаметзянов Нурислам Гарифзянович.
Бас дәрігер, медицина ғылымының докторы.

Әдемі және жарқын күлімсіреу тек қана зор денсаулықтың емес, кемелді адамның ерекше келбеті. Біз сапалы, білікті стоматологиялық көмек көрсететін арнайы медициналық мекемеміз.

Бұл - емделушіге есігі айқара ашық, мамандары көмек көрсетуге әрқашан дайын, терең тарихы мен жоғары кәсіпқойлық дәстүрі бар медициналық мекеме.

Біздің мақтанышымыз – тек қана заманауи жабдықтар, жаңа технологиялар және ең жақсы материалдар емес, сонымен бірге тіс-жақ кемістіктері мен ауыз қуысы сырқаттарын диагностикалау және емдеу саласында мамандандырылған білікті дәрігер-стоматологтар.